Банк қосымшалары арқылы некеге тұруға өтініш беруге болады

Банк қосымшалары арқылы некеге тұруға өтініш беруге болады

Банк қосымшалары арқылы некеге тұруға өтініш беруге болады
ашық дереккөзі
50649
Енді азаматтар Halyk Homebank мобильдік қосымшасы арқылы неке қиюға тіркеуге өтініш бере алады деп хабарлады turkystan.kz. Әділет министрлігі Digital Justice жобалар портфелі шеңберінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, мемлекеттік қызметтердің смартфондар арқылы қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізуде. Әділет министрлігі Halyk Bank-пен бірлесіп Halyk Homebank мобильдік қосымшасы арқылы неке қиюға тіркеуге өтініш беру бойынша сервистерін іске қосты. Halyk Homebank мобильдік қосымшасы арқылы қызметті алу үшін «Мемқызметтер» бөлімінде өтінішті толтырып, мемлекеттік баж (1 АЕК – 3 450 теңге) төлеуі және екінші қызмет алушы 48 сағат ішінде өтінімді растауы қажет. 15 күнтізбелік күн өткеннен кейін АХАТ органдары жас жұбайлардың қатысуымен неке қиюды тіркейді. Естеріңізге сала кетейік, бұл мерзім бұрын 1 айды құраған.

Серіктес жаңалықтары