Мұқан Дархан Қабылдашұлы Ұлытау облысының Қоғамдық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. Дархан Қабылдашұлы 1988 жылы туған. 2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, 2021 жылы Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін бітірген. Мамандықтары: «Филология», «Құқықтану». 2009 жылдан 2021 жылға дейін «Сарыарқа газеті редакциясының» бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, кейін директоры болып жұмыс істеді. 2021-2022 жылдары – Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі. Бұған дейін «Қазақмыс Холдинг» ЖШС қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі қызметін атқарған.
Жүктелуде...