Шымкентте 5 жасар бала бассейнге батып кетті

/
Шымкентте 5 жасар бала бассейнге батып кетті
ашық дереккөзі
Шымкентте 5 жасар бала бассейнге батып кетті Шымкент қаласында 2018 жылы туған бала бассейндегі суға батып кетті деп хабарлады turkystan.kz. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, үлкендер баланы қараусыз қалдырған.
«Оқиға Тұран ауданындағы 8-шағынауданда Үркімбаев көшесінің бойында, KASIET фитнес-клубында болған. Анықталғандай, балалар бассейнінде (тереңдігі 1 метр 20 сантиметр, ені 5 метр) шомылу кезінде ересектердің қарауынсыз қалған бала суға батып кеткен», - делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары