Қазақстандықтар Жібек Құламбаева мен Гөзал Айнитдинова жұптық сында Үндістанның Пуна қаласында өтіп жатқан ITF W40 турнирінің финалына шықты, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қазақстандық дуэт жартылай финалда жарыстың 2-ракеткалары, үндістандық Рутуя Бхосале – ресейлік Екатерина Яшинамен шеберлік байқасты. Ж.Құламбаева мен Г.Айнитдинова тартысты матчта 6:4, 2:6, 10:5 есебімен жеңіске жетті. Сенбі күні қазақстандық жұп соңғы бәсекеде доданың 1-ракеткалары, үндістандықтар Анкита Райна – Прантхана Тхомбаремен бас жүлдені сарапқа салады.
Жүктелуде...