50270
Қазақстандық теннисші қыздар Үндістандағы турнирдің финалына шықты
Қазақстандық теннисші қыздар Үндістандағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандықтар Жібек Құламбаева мен Гөзал Айнитдинова жұптық сында Үндістанның Пуна қаласында өтіп жатқан ITF W40 турнирінің финалына шықты, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстандық дуэт жартылай финалда жарыстың 2-ракеткалары, үндістандық Рутуя Бхосале – ресейлік Екатерина Яшинамен шеберлік байқасты.
Ж.Құламбаева мен Г.Айнитдинова тартысты матчта 6:4, 2:6, 10:5 есебімен жеңіске жетті.
Сенбі күні қазақстандық жұп соңғы бәсекеде доданың 1-ракеткалары, үндістандықтар Анкита Райна – Прантхана Тхомбаремен бас жүлдені сарапқа салады.