Димаш Құдайберген әлем елдері бойынша «Stranger» атты турнесін жалғастырады. Турне аясында қазақстандық әнші Түркияда жеке концертін өткізеді деп хабарлады turkystan.kz dimash.news Instagram-парақшасына сілтеме жасап.
«DimashAli» шығармашылық орталығы 2023 жылғы 6 мамырда Түркияның Анталья қаласындағы Акдениз университетінің көпфункционалды стадионында өтетін Димаш Құдайбергеннің жеке концерті туралы хабарлайды», - делінген парақшада.Билеттер сатылымы https://www.dimashali.com сайтында Астана уақытымен 23 қаңтар күні, сағат 12:00-де басталады.