Экологтар Каспийге құйылып жатқан лас судан сынама алды

Экологтар Каспийге құйылып жатқан лас судан сынама алды

Экологтар Каспийге құйылып жатқан лас судан сынама алды
ашық дереккөзі
50229
Ақтау тұрғыны кәріз суының Каспий теңізіне ағып жатқаны туралы видео түсіріп алған. Жазба 7А ықшамауданындағы жағалау аймағында түсірілген деп хабарлады turkystan.kz orda.kz сайтына сілтеме жасап. Маңғыстау облысы Экология департаментінің мамандары көрсетілген орынды тексеріп, жер астынан су шығып жатқанын, оның қайдан шыққаны әлі белгісіз екенін айтты. Экология департаменті бұл жөнінде ақпаратты нақтылау үшін Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне, «Каспий жылу, су арнасы» МКҚК мен «Қала жолдары» ЖШС-не хабарлағанын атап өтті.
«Қазір мамандар су көзін зерттеуде. Біздің мамандар судан сынама алып, зертханаға жеткізді. Су сынамаларының қорытындысы кейінірек белгілі болады», - деп мәлімдеді Маңғыстау облысы Экология департаменті.

Серіктес жаңалықтары