50295
Алматыда ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанғандардың саны өсті
Алматыда ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанғандардың саны өсті

Алматы қаласында ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі байқалады. Бұл туралы Алматы қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметіне сәйкес, өткен аптада қалада ЖРВИ-дің 17 739 жағдайы тіркелді. Бұл оның алдындағы аптадағы көрсеткіштен 13,1%-ға жоғары және өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 2,9 есеге жоғары. Сондай-ақ аурудың 64,1%-ы балалар арасында тіркелді.
«Мегаполисте маусымдық тұмаудың үш түрі, оның ішінде А типті тұмаудың екі түрі (А/H3N2, А/H1N1 pdm09) және В типті вирустары айналымда жүр. Сонымен қатар, басқа да ЖРВИ айналымда бірге жүр, оның ішінде РС вирусы, бокавирус, риновирус және маусымдық коронавирус. Айта кету керек, тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі – уақтылы вакцинация. Тұмау вирусы жыл сайын мутацияға ұшырайды, сондықтан тұмауға қарсы вакцинаны жыл сайын эпидемияға дейінгі маусымда (қазан-қараша айлары) тек ағымдағы жылғы вакцинамен алу керек. Вакцинациядан кейін иммунитет 14 күннен кейін қалыптасады және маусым бойы сақталады (1 жылға дейін)», - деп хабарлады Алматы қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінде.