Елімізде аптаның қай күнінде жол апаты жиі болады?

/
Елімізде аптаның қай күнінде жол апаты жиі болады?
ашық дереккөзі
Елімізде аптаның қай күнінде жол апаты жиі болады? Жол апаты ең көп болатын күн - дүйсенбі. Сонымен қатар сенбі және жексенбі күндері де жол-көлік оқиғасы көп болады. Ал жол апаты ең аз тіркелген күн – бейсенбі деп хабарлады turkystan.kz. Ranking.kz сайтының мәліметінше, былтыр қаңтар-қараша аралығында 13,4 мың жол-көлік оқиғасы болған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 9,2 пайызға көп. Оның 1,7 мыңы адам өлімімен аяқталған. Жол апатының 11,6 мыңы жүргізушінің, 378 апат жаяу жүргіншінің, 3 апат коммуналдық қызметкерлердің кесірінен болған.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары