Қазақстандық хоккейшілер екінші мәрте жеңіске жетті

Қазақстандық хоккейшілер екінші мәрте жеңіске жетті
2023 жылғы қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы екінші ойынын Венгрияға қарсы өткізді, - деп хабарлады turkystan.kz.
Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер сәтті ойын көрсетті. Бірінші кезеңде қарсылас қақпасына бес гол соғып үлгерді. Оны Артем Королёв - 2, Абай Маңғысбаев - 4, 16, Максим Мусоров - 7, Всеволод Логвин 12-минуттарда өзінің еншісіне жазды.
Екінші кезеңде қазақстандық хоккейшілер қарсылас қақпасына тағы үш шайба соқты. Құрама сапынан Станислав Александров - 25, Саян Данияр 29-минутта мергендік танытса, Максим Мусоров 34-минутта тағы бір мәрте көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Ал үшінші кезеңде Саян Данияр 49-минутта гол соғып, басымдықты арттыра түссе, 54-минутта венгриялық спортшылар кездесу барысындағы алғашқы голын соқты.
Осылайша Қазақстан студенттер құрамасы қарсыласынан 9:1 есебімен басым түсті.