1193
16 сағат далада болған: Боранда жоғалып кеткен ШҚО тұрғыны табылды
16 сағат далада болған: Боранда жоғалып кеткен ШҚО тұрғыны табылды
Боранда жоғалып кеткен ШҚО тұрғыны табылды, деп хабарлайды turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ШҚО Шемонаиха ауданының полицейлері боранда жоғалып кеткен ер адамды Усть-Таловка ауылының маңынан тапқан.
Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, 5 қаңтарда аудан тұрғынынан хабарлама келіп түскен. Ол 5 қаңтарда таңғы сағат 04:00 шамасында оның 37 жастағы туысы көрші Заречное ауылында орналасқан Усть-Таловка ауылынан үйіне кетіп қалғанын хабарлаған. Алайда ер адам барар жеріне жетпеген. 9 сағат бойы ер адамның қайда екені белгісіз болған. Ол тек туыстарына қоңырау шалып, боранда адасып кеткенін, телефонның қуаты таусылуға шақ қалғанын хабарлаған.
Бес сағаттық бірлескен жұмыстан кейін сағат 20:00-де Шемонаиха ауданы ПБ ӘПБ жол және техникалық инспекциясы тобының аға мемлекеттік автоинспекторы Айбек Нағұманов мен Евгений Павлов жергілікті жерді жақсы білгендіктен, Усть-Таловка кентінен 1,5 шақырым жерде далада қалып қойған ер адамды аман-есен іздеп тапты, - деп жазылған хабарламада.