Ауа-райы салдарынан пойыздар уақытынан кешігеді – ҚТЖ

Ауа-райы салдарынан пойыздар уақытынан кешігеді – ҚТЖ

Ауа-райы салдарынан пойыздар уақытынан кешігеді – ҚТЖ
ашық дереккөзі

Елімізде қолайсыз ауа райынан бірнеше бағыттағы пойыздар уақытынан кешігіп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҚТЖ ұсынған мәліметтерге сәйкес, мына жолаушылар пойыздары кестедегі уақытынан кешігіп келеді: - №3/4 және № 9/10 "Астана – Алматы", - №45/46 "Павлодар – Түркістан", - №51/52 "Алматы – Орал", - №65/66  "Астана – Жезқазған", - №71/72 және № 86/85 "Астана – Шымкент", - №73/74 "Алматы – Жезқазған", - №105/106  "Алматы – Петропавл". Осы орайда, ұлттық компания пойыздардың қозғалыс кестесін қалпына келтіру үшін қажетті шаралар қабылданып жатқанын айтты. «Вокзалдарда пойыздардың кешігетіні туралы хабарланып отыр. Ақпарат 1433 анықтама қызметі арқылы тәулік бойы  беріледі. Егер пойыз 3 сағаттан артық кешіксе, жолаушыларға SMS хабарлама жіберіледі», - делінген. Одан бөлек, ресми ақпаратта айтылғандай, пойыз билеттерін кері қайтару жайлы мәліметті +7 (707) 270-36-64 (WhatsApp) нөмірінен білуге болады. «Кешіккен пойыздың әр сағаты үшін билет құнының үш пайызы мөлшерінде айыппұл төленеді. Пойыз 6 сағаттан артық кешіксе, мейрамханада тегін тамақ беріледі. Сол сияқты вокзалдардағы тамақтану орындары мен сауда нүктелерінің, санитарлық аймақтардың (әжетханалардың) үздіксіз жұмыс істеуі бақылауда» деп жазды Қазақстан темір жолы баспасөз қызметі.