Еліміздің 13 өңірінде ескерту жарияланды
Еліміздің 13 өңірінде ескерту жарияланды
Қазгидромет синоптиктері күннің бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
Қызылорда облысының басым бөлігінде түнде жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады. Облыстың орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Қызылордада кей уақытта жауын-шашын болады, көктайғақ, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде 18 м/с жетеді.
Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 25 м/с дейін күшейеді.
Ұлытау облысының басым бөлігінде бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші - 15-20, кей уақытта екпіні - 23-28 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Атырау облысының шығысында көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында жел қарқыны - 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с дейін күшейеді.
Түркістан облысының батысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы жерлерде - 23-28, тау асуларында 30 м/с асады.
Шымкентте таңертең және күндіз қатты жауын-шашын жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, орталығында көктайғақ болып, бұрқасын көтеріледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде жел екпіні - 15-20, облыстың солтүстігінде, орталығында - 23 м/с.
Ақмола облысының басым бөлігінде бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші - 15-20, екпіні - 23-28 м/с, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда жел қарқыны 30 м/с асады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 15-20, екпіні - 23 м/с.
Таңертең және 3 қаңтар күндіз, 4 қаңтар түнде Жамбыл облысының батысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауады.
2-4 қаңтарда облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады.
Астанада бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жел қарқыны - 15-20, екпіні 23 м/с дейін күшейеді.