Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Аделаида WTA 500 турнирінің екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлады turkystan.kz. Рыбакина алғашқы айналымда Даниэль Коллинзбен шеберлік байқасты. Бірінші кезең америкалық спортшының жеңісімен аяқталды – 7:5. Екінші сетте Елена 6:2 есебімен есе қайырды. Шешуші партияда да Рыбакина қарсыласынан (6:3) басым түсті. Тартысты кездесуде Елена 14 эйс жасап, 17 брейк-пойнттың төртеуін ұтымды пайдалана білді. Коллинз бұл ойында 5 эйс, 2 брейк жасады. Енді Елена Рыбакина ширек финалдық кезеңнің жолдамасын әлемнің 69-ракеткасы Марта Костюкпен сарапқа салады. Украиналық теннисші бірінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 162-сатыда тұрған аустралиялық Джейми Форлисті қапы қалдырды. Австралияда өтіп жатқан Аделаида WTA 500 турнирі 8 қаңтарға дейін жалғасады.
Жүктелуде...