Талдықорғанда жеңіл көлік аударылып, екі адам қайтыс болды

Талдықорғанда жеңіл көлік аударылып, екі адам қайтыс болды

Талдықорғанда жеңіл көлік аударылып, екі адам қайтыс болды
ашық дереккөзі
50310

Талдықорған маңында жеңіл автокөлік аударылып, екі адам қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 1 қаңтарда «Талдықорған - Үштөбе» тасжолының 10-шақырымында болды. 42 жастағы жүргізуші Volkswagen Golf  көлігінің рөлін басқара алмай, жол жиегінен шығып кетіп, оның аударылуына жол берді. Оқиға орнында шетелдік неміс көлігінің жүргізушісі мен автокөліктегі 35 жастағы әйел жолаушы қайтыс болды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Құрметті жол қозғалысына қатысушылар!

Тағы да естеріңізге сала кетейік, өңір аумағында (31 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейін) автожолдарды қар басып, көктайғақ болып тұр.

Осыған байланысты барлықтарыңыздан жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, рұқсат етілген жылдамдық режимінен аспауды және жол қауіпсіздігі талаптарын сақтауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары