50216
Ақтөбеде 58 жастағы әйел адам өрттен қаза тапты
Ақтөбеде 58 жастағы әйел адам өрттен қаза тапты
Ақтөбеде Жаңа жыл түні өрт шығып, салдарынан 58 жастағы әйел қаза тапты. Тағы бір 82 жастағы әйел зардап шекті деп хабарлады turkystan.kz ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбе қаласындағы Махамбет Өтемісұлы көшесіндегі жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама ТЖ қызметіне 1 қаңтар күні түнгі сағат 1-де келіп түскен. Өрт сөндірушілер жетісімен жатын бөлмедегі 10 шаршы метр аумақтың өртенгенін анықтады. Өрт кезінде газ иісінен екі адам зардап шекті.
«Оқиға орнына 4 техника мен 24 адам аттанды. Келген бойда жатын бөлмеде өрт шыққаны анықталды. Өрт 2 сағаттың ішінде сөндірілді. Салдарынан үйде тұратын екі адам зардап шекті. 58 жастағы әйел көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жетпей көз жұмды. 82 жастағы қарт әйел аман қалып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Өрттің шығу себебі анықталуда», - делінген хабарламада.