Шахматшы Динара Сәдуақасова Президенттің құттықтауына жауап берді

Шахматшы Динара Сәдуақасова Президенттің құттықтауына жауап берді

Шахматшы Динара Сәдуақасова Президенттің құттықтауына жауап берді
ашық дереккөзі
50329
Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова әлеуметтік желіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауына жауап берді деп хабарлады turkystan.kz. Бұған дейін Президент оны әйелдер арасында жылдам шахматтан әлемнің вице-чемпионы атағымен құттықтаған болатын.
«Мен үшін, бұл – үлкен мәртебе. Осындай құттықтауларды, сондай-ақ жылы лебіздер мен тілектерді алғаныма өте ризамын. Президентке қазақ спортшыларының ерен еңбегіне назар аударғаны үшін алғыс айтқым келеді. Оның үстіне, қазақстандықтардың үмітін ақтау мен жаңа белестерді бағындыруды жауапкершілік деп есептеймін», – деді ол.
Сонымен қатар шахматшы спортшылардың жетістіктеріне назар аударудың өскелең ұрпаққа зор әсер ететінін айтып өтті.
«Мұндай марапат жас шахматшыларға да әсер етеді. Бізде түрлі ортадан шыққан мыңдаған бала білім алып жүр. Қазірдің өзінде олар маған мессенджерлерде және әлеуметтік желілерде хабарламалар жіберіп, құттықтау алғаныма қаншалықты қуанышты екенін жазып жатыр. Сондай-ақ жақын арада өздері де сол секілді үлкен жетістіктерге жететінін айтады. Дәл солай болатынына мен де сенімдімін!» – деді Динара.
Еске сала кетейік, турнир үш күн бойы – 26-28 желтоқсан аралығында Алматыда өтті. Оған Қытай, Үндістан, Ресей және т.б. шахматты дәстүрлі түрде дамытқан, спортшылары мықты елдердің атынан шыққан әлемнің үздік ойыншылары қатысты.

Серіктес жаңалықтары