50394
Ақтауда 5 жасар қызды зорлаған ер адамға жаза тағайындалды
Ақтауда 5 жасар қызды зорлаған ер адамға жаза тағайындалды
Ақтауда 5 жасар қызды зорлаған жаттықтырушы 20 жылға сотталды деп хабарлады turkystan.kz Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, 2022 жылдың 28 желтоқсанында қыз баланы жыныстық сипаттағы өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері үшін айыпталушыға қатысты бірнеше рет (ҚК 121-бабының 4-бөлігі) қылмыстық іс қаралған.
«Прокурор Қылмыстық Кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотталушыны кінәлі деп тануды және 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ал жәбірленушінің заңды өкілі сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады», - делінген хабарламада.Сот үкімімен 2017 жылы туған қыз баланы зорлаған ер адам Қылмыстық Кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.