Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы мөлшері аталды

Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы мөлшері аталды

Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы мөлшері аталды
ашық дереккөзі
50236
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 14,4 трлн теңгеден асты деп хабарлады turkystan.kz. БЖЗҚ  мәліметінше, жыл басынан бері зейнетақы жинақтарының өсімі 1,3 трлн теңгеден артық көрсеткішке ие болды. Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жеке зейнетақы шоттарындағы (ЖЗШ) жинақтар да шамамен тура осындай өсім – 9,9% немесе 1,2 трлн теңгені көрсетті.
«1 желтоқсанға бұл шоттарда 13,9 трлн теңгеден астам қаражат жинақталған. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 11 айда 20,7% ұлғайып, шамамен 436 млрд теңге болды. Жыл басынан бергі ең үлкен өсімді - 94,5% - ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетіп, ол 3,3 млрд теңгеден асты», - делінген хабарламада.
2022 жылғы 1 қаңтардан 1 желтоқсанға дейін зейнетақы жарналары түрінде ЖЗШ-ға 1,5 трлн теңгеден астам қаражат түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30% көп.
«Өсім жарналардың барлық түрлері бойынша орын алды: өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 29% (немесе 329,5 млрд теңгеге), МЗЖ – 39% (немесе 19,4 млрд теңгеге) ұлғайды. Ең көп өсім - 212% немесе 1,4 млрд теңге ЕЗЖ шоттарында орын алды. Салымшылар мен алушылардың шоттарына таза инвестициялық табыс түрінде 777 млрд теңгеден астам қаражат түсті», - делінген хабарламада.
БЖЗҚ-дан төлемдер жыл басынан бері 1,1 триллион теңгеден асты. Төлемдердің басым бөлігін 902 миллиард теңге мөлшеріндегі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері. Баламалы мақсаттарға берілетін төлем көлемі өткен жылмен салыстырғанда 58 пайыз төмендеді.
«Жасы бойынша төлемдер 22,6 пайыз ұлғайып, шамамен 109 миллиард теңге болды. Айта кету керек, БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 29 876 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 707 326 теңгені құрады», - делінген хабарламада.
   

Серіктес жаңалықтары