Тасқын суға тосқауыл таппаған В.Божко: «Мен Құдай емеспін», - деп ақталды

Тасқын суға тосқауыл таппаған В.Божко: «Мен Құдай емеспін», - деп ақталды

Тасқын суға тосқауыл таппаған В.Божко: «Мен Құдай емеспін», - деп ақталды
ашық дереккөзі
257

Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінің 17 ауданында 50 елді мекенді су басып қалды. 5 көпір қирап, сел салдарынан республикалық маңыздағы бірнеше күре жолда қозғалыс тоқтатылды, - деп хабарлайды Астана арнасы.

Астанада өткен брифингте Төтенше жағдайдайлар комитетінің төрағасы Владимир Божко: «"Әлін білмеген әлек" деген жақсы мақал бар. Ұлытау ауданында ені 3, тереңдігі 1 метрлік су жайылғанда, кешірерсіздер, мен Құдай емеспін, ешкім де мұндай ағынды тоқтата алмайды. Өткен жылы бір рет «мен Құдай емеспін» деп айтып қалып, сіздер жыл бойы «Құдай емес министр» деп, қағытып едіңіздер. Бұл тылсым табиғат», - деді. 

Алайда ҚР Ішкі істер вице-министрі Владимир Божко: «Бұндай көрсеткіштердің боларын біз алдын ала болжағанбыз», - дейді. Бүгінде Есіл, Сілеті, Шағалы, Нұра, Шерубай-Нұра қоймаларының арнасы өткен жылмен салыстырғанда 30-40 пайызға артығымен толған. Селден қорғану жөніндегі бұйрыққа ІІМ-нің қолы 3 наурызда қойылып, төтенше жағдайлар бойынша үкіметтік комиссияның селекторлық жиналысы, қауіп аумағындағы жергілікті әкімдіктердің 1 тоқсан ішінде өткізген 86 отырысы да жағдайды оңатлта алмаған.

Биылғы қиын жағдайды төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы ауа райы қолайсыздығымен түсіндірді. Егер де жылда наурыз айының соңына дейін жер тоңы жібіп, су құмға сіңсе, биыл күн жылымай, қар сәуірге дейін сіресіп жатып алған. Владимир Божко тіпті Ақмола облысың өңір басшысы Сергей Кулагин екеуі тікұшақпен барлап, су таппай тосылған аққуларды да кезіктіріпті.  Владимир Божконың айтуынша, облыс әкімі Сергей Витальевич Кулагин екеуі тікұшақпен Ақмола облысын барлап, Сілеті су қоймасынан 900 шақырымдай жерді көзден кешірген. Тұтастай ақ қардың құрасауында жатқан өңірге оңтүстіктен қайтқан  аққуларда қонарға су таппай жүрген көрінеді.

Серіктес жаңалықтары