«Бірақ біз халықтың иммунитеті күшті екенін түсінеміз және біздегі интенсивті терапия бөлімшелерінде ковидпен ауыратындар айтарлықтай аз. Пандемияның біртіндеп аяқталып келе жатқанына сенемін», - деді ол.Маман Германияда коронавирустың тағы бір қауіпті нұсқасының таралуы екіталай деп санайды. «COVID-19 вирусынан қорғаныс өте жақсы жұмыс істеп жатқан сияқты, - дейді сарапшы Т-лимфоциттер мен антиденелерге негізделген иммунитет туралы айта отырып. - Ауыр сырқаттанатындар азайып келеді. Жағдай қайталанбайтын болар деген ойдамын». Айта кетсек, Роберт Кох атындағы институт таратқан мәліметке сәйкес, 25 желтоқсандағы жағдай бойынша Германияда SARS-CoV-2 вирусы 37,21 млн адамнан расталған. Соның ішінде, 36,42 млн науқас жазылып шықты, ал 160 768 адам қайтыс болды. 24 желтоқсанға дейін Германияда COVID-19 вирусына қарсы 190,4 млн вакцина егілді. Ел тұрғындарының 76,3 пайызы толық екпе алса, 62,6 пайызына екпенің күшейткіш дозасы егілген.
COVID-19 қашан аяқталады? – Германиялық сарапшы болжамы

COVID-19 қашан аяқталады? – Германиялық сарапшы болжамы
Германияда коронавирустың кезекті қауіпті нұсқасының таралуы екіталай. Ел үкіметінің коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі сарапшылық кеңесі мүшесі, интенсивті терапия дәрігері Кристиан Карагианнидистің айтуынша, COVID-19 вирусынан қорғаныс өте жақсы жұмыс істеп тұр деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Дәрігер COVID-19 пандемиясы 2023 жылдың көктеміне қарай аяқталады деп болжап отыр. Оның айтуынша, SARS-CoV-2 вирусының тағы бір немесе бірнеше «кішігірім толқындары» таралуы мүмкін.