«Республикада коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика және барлық өңірлер жасыл аймақта орналасқан. Тәулігіне COVID-19 бойынша ПТР оң нәтижелі 300-ге дейін жағдайы және ПТР теріс нәтижелі 40-қа дейін жағдайы тіркелді, науқастардың 99% сауығып кетті», - деді Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова.Дәрігердің айтуынша, 12 өңірде (Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, Абай, БҚО, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) R көрсеткіші бірліктен жоғары, бұл инфекцияның таралуының өскенін көрсетеді. Осыған байланысты А.Есмағамбетова R көрсеткішін 1-ден жоғары тіркеу кезінде БМСДҚ-ға сәйкес халық көп жиналатын жерлерде бетперде тағу ұсынылатынын еске салды. Қазіргі уақытта ЖРВИ және тұмаудың маусымдық өсімі байқалады, осылайша, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттану 20% өсті. Республикадағы коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдайды, сондай-ақ ЖРВИ және тұмаумен сырқаттану бойынша эпидемиологиялық маусымның барысын ескере отырып, сайлауалды жария іс-шаралар мен сайлаушылармен кездесу өткізу кезінде А. Есмағамбетова мынадай қағидаларды ұстануды ұсынды: 1) халықтың топталуын болдырмау үшін кең үй-жайларды пайдалану; 2) үй-жайларда желдету/ауаны баптау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі; 3) ауаны жасанды желдету жүйесі болмаған жағдайда іс-шара басталар алдында үй-жайды желдетуді жүргізу; 4) сайлаушылармен кездесу өткізу кезінде бетперде режимін сақтау.
Қазақстандықтарға көпшілік орында маска тағу ұсынылды

Қазақстандықтарға көпшілік орында маска тағу ұсынылды
Бүгін Парламент Сенаты депутаттарының сайлау алдындағы үгітін өткізу кезінде республикада COVID-19 коронавирустық инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ таралуының алдын алу шаралары мен эпидемиологиялық жағдай мәселелер бойынша отырыс өтті деп хабарлады turkystan.kz.