50322
Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар аймақтарында дауылды ауа райы сақталады деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында 15-20 м/с-қа дейін, 26 желтоқсанда түнде екпіні 25 м/с-қа дейін барады.
Тараз қаласының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.
Жетісу облысының солтүстік-шығысында екпіні 23-28 м/с-қа дейін баратын жел соғады.
Қостанай облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші өңірдің солтүстігінде 15-20 м/с болады деп күтілуде.
Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыс орталығында шығыстан соғатын желдің күші - 15-20 м/с. Қызылорда қаласында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.
Оңтүстікте, Түркістан облысының тау бөктерінде тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.