«7-20-25» бағдарламасы бойынша талаптар қайта қаралды

«7-20-25» бағдарламасы бойынша талаптар қайта қаралды

«7-20-25» бағдарламасы бойынша талаптар қайта қаралды
ашық дереккөзі
50263
«7-20-25» бағдарламасы жалғасады, оны іске асырудың жекелеген талаптары қайта қаралды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасын іске асыру жалғасатын болады. Тиісті шешім Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 123 қаулысымен қабылданды», - делінген ҰБ мәліметінде.
2023 жылы бағдарлама бойынша кредиттеу үшін 100 млрд теңгеге дейін қаражат бөлу жоспарлануда. Бағдарлама бойынша жыл сайынғы кредиттеудің нақты көлемі нарықтағы банктердің ипотекалық өнімдері мен олардың дамуына байланысты белгіленеді.
«Жеңілдетілген кредиттеумен азаматтарды көбірек қамту мақсатында бағдарламаны іске асырудың жекелеген талаптары қайта қаралды. Атап айтқанда, әрбір қарыз алушы бағдарламаға бір рет қана қатыса алады. Бағдарлама аясында берілетін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының параметрлері (бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшері, қарыздың ең жоғары сомасы, сыйақы мөлшерлемесі, қарыз мерзімі, өңірлер бөлігінде сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны және т.б.) өзгеріссіз қалады», - делінген хабарламада.
2022 жылғы 22 желтоқсандағы жағдай бойынша, 852,2 млрд теңге көлемінде 64 146 жеңілдетілген қарыз берілді. Бағдарлама жұмыс істейтін азаматтарды 20%-дан бастап бастапқы жарнамен жылдық 7% жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша 25 жылға дейінгі мерзімге қолжетімді ипотекамен қамтамасыз ету үшін 2018 жылы іске қосылды.

Серіктес жаңалықтары