50322
Роналду «Аль-Насрмен» келіссөз жүргізу үшін Сауд Арабиясына барды
Роналду «Аль-Насрмен» келіссөз жүргізу үшін Сауд Арабиясына барды

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясына барды деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Дереккөздің хабарлауынша, 37 жастағы ойыншы «Аль-Наср» футбол клубы орналасқан Эр-Рияд қаласының әуежайына барған. Ол жақын арада клуб басшылығымен кездесіп, келісімшартқа отыруы мүмкін.
Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду желтоқсанда «Манчестер Юнайтед» клубымен келісімшартты бұзып, еркін агент атанды.