Депутаттар 12 желтоқсанды ресми түрде «Алаш күні» деп бекітуді сұрады

Депутаттар 12 желтоқсанды ресми түрде «Алаш күні» деп бекітуді сұрады

Депутаттар 12 желтоқсанды ресми түрде «Алаш күні» деп бекітуді сұрады
ашық дереккөзі
50319
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Берік Дүйсенбинов 12 желтоқсанды «Алаш күні» деп жариялауды ұсынды деп хабарлады turkystan.kz. Премьер-министрдің атына жолданған депутаттық сауалында Берік Дүйсенбинов 1917 жылы 5-12 желтоқсан Әлихан Бөкейхановтың Алаш Республикасы үкіметінің төрағасы болып сайланғанын, ол «Сарыарқа» газетінде жарияланғанын еске алды. Депутат биыл Алаш Республикасының құрылғанына 105 жыл толғанын айтты.
«Бүгінде тарихи әділдікті орнататын күн жетті деп санаймыз. Тарих тағылымын ұрпаққа насихаттау мақсатында «Ақ жол» фракциясы алаштанушы ғалымдардың бастамасын қолдай отырып, Тәуелсіздік күні қарсаңындағы 12 желтоқсанды – тарихи құжаттармен дәлелденген Алаш Республикасының құрылған күні ретінде – «Алаш күні» деп ресми белгілеуді және жыл сайын мемлекеттік деңгейде атап өтуді сұрайды», - деді Дүйсенбинов.

Серіктес жаңалықтары