50318
Павлодарда алты жасар бала өрттен көз жұмды
Павлодарда алты жасар бала өрттен көз жұмды

Павлодарда бес бөлмелі пәтер толығымен жанып кетті. Бір бала көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 21 желтоқсан күні сағат 01:03-те Алтай көшесі, 9/2 мекенжайында үй жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Өрт 150 шаршы метр аумақты қамтыды.
«5 бөлмелі пәтер толығымен жанып, төбесі құлаған. 2 бөлмелі пәтердің қабырғасы жанды және шатырдың ағаш құрылымдары жартылай қираған. Өрт сөндіру барысында 5 бөлмелі пәтерден 2016 жылы туған ұл баланың денесі табылды», - деді департаментте.Сондай-ақ өрттен зардап шеккен 1983 жылғы әйел қалалық ауруханаға және үй иесі 1962 жылғы әйел облыстық ауруханаға жатқызылды. Ал 1985 жылғы ер адам дәрігерлердің тексеруінен өтті. Өрт сағат 03:01-де толығымен жойылды. Себебі, залалы анықталуда. Өртті жоюға 40 өрт сөндіруші мен 9 өрт техникасы, апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылды.