Атыраудағы көктайғақ: бір күнде 10 жол апаты болды

Атыраудағы көктайғақ: бір күнде 10 жол апаты болды

Атыраудағы көктайғақ: бір күнде 10 жол апаты болды
ашық дереккөзі
50192
Атырауда көктайғақтың кесірінен бір күнде 10 жол-көлік оқиғасы тіркелді деп хабарлады turkystan.kz облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осыған байланысты «Арнайы автобаза» ЖШС-нің басшысы Алмас Ізтілеуовтің айтуынша, кешеден бері көлік жол, көпірлер мен баспалдақтар, мектептер мен жаяу жүргіншілер жолағына құм аралас тұз себілген. Бұл жұмысқа 180 жұмысшы мен 3 техника жұмылдырылды. Мәлімет бойынша, көктайғақ кесірінен жол-көлік оқиғасы көбейген. Мысалы, 20 желтоқсанда 10 жол-көлік оқиғасы тіркелген.
«Атырауда ауа-райы күрт өзгерді. Бұл Атырау қаласының аумағындағы жолдың бәрінде көктайғақ болуына әсер етті. Сол себептен қала тұрғындары мен қонақтарына, әсіресе, жүргізушілерге қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін негізгі қағидаларды сақтау керектігін ескертеміз. Көліктің жылдамдық режимін сақтау, сондай-ақ жолда арақашықтықты сақтаған жөн. Көлікті қысқы дөңгелектермен жабдықтау қажет. Өйткені жазғы дөңгелекпен жүру жол-көлік оқиғасына себепкер болуы мүмкін. Ең маңызды сақтық шарасы – жүргізуші жолды кесіп өтетін адамдарға өткізуі тиіс. Ал жаяу жүргіншілер бұл үшін арнайы белгіленген жолақтан барынша абайлап өткені жөн», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары