Ақтөбеде қорап ішінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды

Ақтөбеде қорап ішінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды

Ақтөбеде қорап ішінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды
ашық дереккөзі
50259
Ақтөбеде қорап ішінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды деп хабарлады turkystan.kz. 19 желтоқсан күні сағат 22:05-те полицияға Ғ.Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қорапқа салынған баланың өлі денесі табылғаны туралы хабарланған. Осы факті бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, жаңа туған ер баланың мәйітін анықтады. ҚР ҚК-нің 100-бабы «Ананың жаңа туған баланы өлтіруі» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ананың жеке басын анықтау үшін жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары