50312
Екібастұз ЖЭО мемлекет меншігіне қашан қайтарылады?
Екібастұз ЖЭО мемлекет меншігіне қашан қайтарылады?

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұз жылу электр орталығын мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім келесі жылы қабылданатынын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Екібастұз ЖЭО-ның иелері оны 1 теңгеге қайтаруды ұсынғанын білесіздер. Бірақ біз оны қандай жағдайда қайтарғысы келетінін түсінуіміз керек. Қағаз жүзінде көрсеткен, жариялаған қаражаттың бәрі осы ЖЭО-ға жұмсалды ма, сол жағын мұқият тексеру қажет. 2023 жылдың бірінші тоқсанында біз аудит жүргіземіз, содан кейін қайтару туралы шешім қабылдаймыз», - деді Роман Скляр Үкімет отырысынан кейін.