Астанада сырғанақтар мен мұз айдындары қай орындарда ашылады?

Астанада сырғанақтар мен мұз айдындары қай орындарда ашылады?

Астанада сырғанақтар мен мұз айдындары қай орындарда ашылады?
ашық дереккөзі
50268
Астанада сырғанақтар, мұз айдындары, шаңғы трассалары, жаңажылдық фотоорындар және т.б. салынып жатыр. Қысқы демалысты ұйымдастыру аясында қаланың барлық ауданында арнайы орындар белгіленді деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. Алматы ауданында қысқы демалыс орындары Қазақ елі монументінің жанындағы алаңда, Триатлон паркінде, Президенттік саябақта (шаңғы трассалары да), Ақбұлақ өзенінің жағасында ұйымдастырылады. Аудан тұрғындарын барынша қамту мақсатында қосымша 4 елді мекенде де жоспарланған: Теміржолшылар, Интернациональный, Мичурино, Күйгенжар. Сол сияқты 3 мектептің аумағында және Теміржолшылар елді мекенінде 4 хоккей кортын жайластыру көзделген. Сонымен қатар сырғанақтар шағынаудандарда да болады: Отау, Сарайшық, сондай-ақ «Нұрлы жол» темір жол вокзалының аумағында. Байқоңыр ауданына биыл жаңажылдық шыршалар, слайдтар және шағын сәулет нысандарын орнату, сол сияқты мұз айдындар мен 5 мұз қалашығын салу жоспарланып отыр. Олар мына орындарда орналасады: - «Жастар» Сарайы; - К.Ататүрік атындағы саябақ; - «Жазушылар» аллеясы (Абай даңғылы); - Өндіріс елді мекені (Ақбидай және Кемеңгерұлы көшелерінің қиылысы); - Кирпичный елді мекені (Чехоев және Жолымбет көшелерінің қиылысы); - Қазқалашық елді мекені (Досмұхамедұлы көшесіндегі 4, 6, 8, 10, 12 үйлердің ауласы). Сарыарқа ауданында мұз айдындары мен сырғанақтарды абаттандыру жоспарланып отыр: - қалалық алаң; - Есіл өзенінің жағалауы; - А. Герцен-Оқжетпес көшелерінің қиылысы; - «Көктал» саябағы. Сол сияқты Demalys promenade аумағында фотоаймақтар мен шағын сәулет нысандары орнатылады. Есіл ауданында жаңажылдық көңіл-күйді сыйлау үшін бірнеше тартымды орын анықталды: - «EXPO-2017» аумағы; - Тұран даңғылы жағындағы орталық саябақ; - «Керуен» СОО және «Хан Шатыр» СОО ауданы; - Ботаникалық Бақ. Сонымен қатар сырғанақтар мен мұз айдындары мынадай орындарда орналасады: - «Алау» СК мұз айдыны; - «My car» автоорталығы – биіктігі 3 м болатын балалар мұз сырғанағы. - «Азия парк» СОО және «Ailand».    

Серіктес жаңалықтары