Қонаевта баланың көзінше мысықты өлтірген ер адамға үкім шықты

Қонаевта баланың көзінше мысықты өлтірген ер адамға үкім шықты

Қонаевта баланың көзінше мысықты өлтірген ер адамға үкім шықты
ашық дереккөзі
50314
Қонаев қаласының соты баланың көзінше мысықты өлтірген қала тұрғынына үкім шығарды деп хабарлады turkystan.kz. Прокуратура қылмыс болған дүкенге кіреберістегі бақылау камерасынан бейнежазбаны алдыртқан. Бейнежазбада мас ер адам мысықпен ойнап тұрған балаға жақындап, кейін жануарды тепкілегені көрінеді. Мысық қабырғаға соғылып барып өлген. Ал ер адам кетіп қалған. Кінәлі азамат Қонаев қаласының 38 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол  қаладағы кәсіпорындардың бірінде жұмыс істейтіндігі анықталды. Алматы облысының прокуратурасы елімізде жануарларға қатыгездік көрсеткендерге жаза күшейгенін ескертті. Қылмыстық кодекстің 316-бабының 3-бөлігі бойынша көпшілік орында және балалардың көзінше жасалған мұндай әрекеттер үшін 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
«Ол мас күйінде үй жануарын себепсіз ұрып-соғып, кейін қатты өкінген. Қонаев прокуроры Айдос Шорманов азамат Қ. (1984 жылы туған) кінәсін мойындап, мұнысына өкініп отырғанын ескеріп, сотталушыға бас бостандығын 6 ай мерзімге шектеу түрінде жаза беруді сұрады», - деді Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Сот прокурордың ұсынысын қолдап, кінәліге осы жазаны кесті.  

Серіктес жаңалықтары