38 жастағы азамат үш баласын өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған

38 жастағы азамат үш баласын өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған

38 жастағы азамат үш баласын өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған
ашық дереккөзі
50361
11 желтоқсан күні Мұнайлы ауданының полиция бөліміне Мұнайлы ауданында асылып өлу белгілері бар 4 мәйіт табылды деген хабарлама түскен деп жазды turkystan.kz.
«Бұл шақыруға жедел-тергеу тобы барды. Асылып өлген 38 жастағы ер адам, сондай-ақ 8 жастағы, 4 жастағы және 10 айлық балалар анықталды. Тексеру барысында Б. есімді азаматпен жіберілген аудиожазба анықталды. Ол жұбайы Д. есімді азаматшаға өлетінін және балаларын өзімен бірге алып кететінін айтқан. Бұл оқиға отбасылық жанжал негізінде болған және бұл адамдардың ажырасқалы жатқандығы белгілі болды. Ерлі-зайыптылардың екеуінің де тұрақты жұмыс орындары болған», - делінген хабарламада.
Бұл дерек ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданының Пб СДТБТ-де тіркелді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары