Қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін өткізді деп хабарлады turkystan.kz. Алматыда танымал актер ирандық боксшы Амир Яранимен кездесіп, қарсыласын 4-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша ол кәсіпқой бокстағы мансабын жеңіспен бастады. Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, ал Амир Ярани үшін, бұл - мансабындағы алғашқы жеңілісі. Сондай-ақ Тоқтар аралас жекпе-жек бойынша барлығы алты жекпе-жек өткізді – төрт жеңіс, екі жеңіліс.
Жүктелуде...