50253
Елордалық азамат 25-қабаттан құлап, көз жұмды
Елордалық азамат 25-қабаттан құлап, көз жұмды

Астана тұрғыны 25-қабаттан құлап, мерт болды. Бұл туралы turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 8 желтоқсан күні болған.
«102 арнасына сағат 10.53-те Петров көшесінен жас жігіттің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Полицейлер жігіттің жеке басын анықтады. 19 жастағы Астананың тұрғыны екені белгілі болды. Жігіт 25-қабаттан құлаған», - делінген хабарламада.ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.