Қазақстанда 4,5 млн адам баспанаға мұқтаж

Қазақстанда 4,5 млн адам баспанаға мұқтаж

Қазақстанда 4,5 млн адам баспанаға мұқтаж
ашық дереккөзі
50489
Елімізде баспанаға мұқтаж азаматтардың саны 4,5 миллионға жеткен деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. Алдағы 7-8 жылда олардың саны 10 млн-ға дейін артуы мүмкін. Мұны сала мамандары әлемде болып жатқан геосаяси жағдаймен және құрылыс материалдарының қымбаттауымен байланыстырады. Оның үстіне, елімізде ондай материалдар өндірілмейді және импортқа тәуелді екенімізді ескерген жөн. Сондай-ақ отырыста ипотекалық бағдарламалардың жалпы халыққа емес, тек белгілі бір әлеуметтік осал топтарға қолжетімді екені айтылды. Айта кетсек, тұрғын үйді сатып алу қолжетімділігі бойынша 113 елдің ішінде Қазақстан 33-орында тұр.

Серіктес жаңалықтары