Атырауда 13 жасар қызды зорламақ болған күдікті ұсталды

Атырауда 13 жасар қызды зорламақ болған күдікті ұсталды

Атырауда 13 жасар қызды зорламақ болған күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
50368
Атырауда 13 жасар қызды зорлауға оқталды деген ер адам ұсталды. Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растады. Ер адам Атырау қаласындағы «Авангард» шағынауданында ұсталған.
«Ер адам Reno Duster көлігін заңсыз басқарып кетіп, көпқабатты үйлердің ауласына тоқтаған. Көлік салонында 13 жастағы жасөспірім қызды зорлауға оқталған. Атырау қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде күдікті ұсталды», - деп хабарлады.
Қазір 34 жастағы күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4 бөлігімен, яғни жасөспірімді зорлауға оқталу дерегімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.  

Серіктес жаңалықтары