50304
Димаш Құдайберген Астанада өтетін қайырымдылық фестивалінде өнер көрсетеді
Димаш Құдайберген Астанада өтетін қайырымдылық фестивалінде өнер көрсетеді

Елордада Балалар жылы аясында «BIZ BIRGEMIZ» қайырымдылық фестивалі өтеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Барыс Арена» стадионында өтетін фестиваль 14 желтоқсан күні сағат 19:00-де басталады. Көрермен Қазақстанның танымал әртістерімен қатар, дарынды ерекше орындаушылардың өнеріне куә болады.
Олардың қатарында: Nazima, Кенжебек Жанәбілов (МузАрт), Тамара Асар, Mans&Koba, Mona Songs, ALPHA, AYREE, Данияр Өтеген (Rin’Go), Қазыбек Құрайыш, Бағжан Октябрь, Еркеш Хасен, Ақтоты Болшова, Әлішер Қонысбай, Севда Әлиева, Алтыншаш Мұқатаева, Кенжебек Нұрдолдай, «Қарақат» мектеп-студиясы, «СЕНСИТИВ» сахналық өнерден әлем чемпионатының Гран-при иегерлері. Кеш қонағы – Димаш Құдайберген.
Билет сатудан түскен қаражат церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға арналған оңалту орталығына медициналық құрал-жабдық сатып алуға бағытталады.