«Үмітті ақтай алмадық»: жапон бапкері жанкүйерлерінен кешірім сұрады

«Үмітті ақтай алмадық»: жапон бапкері жанкүйерлерінен кешірім сұрады

«Үмітті ақтай алмадық»: жапон бапкері жанкүйерлерінен кешірім сұрады
ашық дереккөзі
50362
Футолдан Жапония ұлттық құрамасының бас бапкері Хадзимэ Мориясу жанкүйерлерінен кешірім сұрады деп хабарлады turkystan.kz massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Кеше, 5 желтоқсанда 1/8 финал аясында Жапония мен Хорватия құрамалары кездесті. 43-минутта Дайзен Маэда, екінші таймда Иван Перишич дәл соққы жасап, матчтің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Матч соңына дейін командалар есепті өзгерте алмай, тіпті, экстра-таймдарда да жеңімпаз анықталмады. Пенальти нәтижесінде хорват футболшылары – 3:1 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды. Жапонияның ұлттық құрамасының бас бапкері Хадзимэ Мориясу стадионда көңіл күйі түскен жанкүйерлердің алдына барып, басын иіп кешірім сұраған. Бапкер «үмітті ақтай алмадық, алда бұдан да жақсы ойнаймыз» деп уәде берді.

Серіктес жаңалықтары