Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі – министр

Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі – министр

Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі – министр
ашық дереккөзі
50808
Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін Ұлттық қордың инвестициялық кірісінен түскен табыстың 50 пайызы көлеміндегі бастапқы капитал отбасыларға қосымша көмек көзі болады. Бала күтіміне байланысты төлемдер мерзімі ұзартылады. Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері көбейтіледі және олар «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» наградталған аналар деген жаңа статуспен қарастырылады. Бұдан бөлек, 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінен емес, медиандық табыс есебінен анықталатын болды», - деді министр Мәжілістің Үкімет сағатында.

Серіктес жаңалықтары