«Пәтерлерде жылу беруді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылу жүйесіне қосылуға дайын үйлерде құбырлар мен радиаторлар ауыстырылуда. Сонымен қатар сумен және жылумен жабдықтау жүйелерін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр», - деп жазды Үкіметтің баспасөз қызметінен.Еске сала кетейік, Екібастұзда барлығы 689 көп қабатты үй бар. 11 үйге күннің соңына дейін жылу беру жоспарланып отыр. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 500-ге жуық адам жұмылдырылды.
Екібастұзда бүгін кешке дейін 11 үйге жылу беріледі

Екібастұзда бүгін кешке дейін 11 үйге жылу беріледі
Төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штаб Екібастұз қаласындағы апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
4 желтоқсан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша 11 үйдің жылу желілері жөнделуде.