Қырғыз елінде де Екібастұзға гуманитарлық көмек жинап жатыр

Қырғыз елінде де Екібастұзға гуманитарлық көмек жинап жатыр

Қырғыз елінде де Екібастұзға гуманитарлық көмек жинап жатыр
ашық дереккөзі
50211
Екібастұзға тек Павлодар облысы ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірі гуманитарлық көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ Қырғыз елінің азаматтары да бірнеше күннен бері екібастұздықтарға көмек ретінде жылу жинай бастаған деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Қырғыз ағайындылар әлеуметтік желіде үндеу жариялап, қақаған қыста жылусыз қалған Екібастұз тұрғындарына қол ұшын созуға шақырып жатыр. Кейбіреуі жылытқыш құрылғылар жіберетінін айтса, енді бірі арнайы есепшот ашып, қаржылай көмек жинауда. Еске салсақ, 27 қараша күні түнде, сағат 01:20 шамасында, Екібастұз ЖЭО-да қазандықтар істен шыққан болатын. Қазір Екібастұзда облыс әкімі басшылық жасайтын апатты жою жөніндегі жедел штабы жұмыс жасап жатыр.

Серіктес жаңалықтары