Кәсіпкер көше сыпырушысына керемет сый жасады (ВИДЕО)

Кәсіпкер көше сыпырушысына керемет сый жасады (ВИДЕО)

Кәсіпкер көше сыпырушысына керемет сый жасады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50273
Желіде көше сыпырушысының түр келбеті адам танымастай өзгерген видео пайда болды. Видеода қала тазалығын сақтап, көше сыпырып жүрген әйелге бейтаныс адам оны әсемдік салонына апарып, сырт келбетін тегін түрде түгел өзгертуге ұсыныс жасайды. Massaget.kz тілшісі әйелдерге мұндай мүмкіндік сыйлап жүрген кәсіпкермен сұхбаттасты деп хабарлады turkystan.kz. Кәсіпкер Жәмилә Серікқызы - Jemelle_beauty әсемдік салонының басшысы. Бұдан он жыл бұрын Ақтөбедегі сұлулық салонының біріне жұмысқа кірген. Арада 5 жыл өткеннен кейін өз ісін бастауға бел буған. Кейіпкердің айтуынша, алғашында ұжымында 3 адам болса, қазір азды-көпті 23 адам. Жәмилә Серікқызы мұқтаж жандарға көмектесу, әйелдерді бір күн болсын бақытты қылу идеясы кішкентайынан ойында жүргенін айтты.
«Адамға көмектесу қандай сезім сыйлайтынын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Кішкентайымнан теледидардан жағдайы жоқ адамдарға көмектесіп жатқандарды көргенде, мен де есейгенде адамдарға қолұшын беремін деп армандайтынмын. Ата-анамыз бала кезімізден бізді солай тәрбиелеген. Автобусқа мінгенде алдыңда үлкен адам тұрса, орын беріңдер деп үйреткен. Мұның бәрі - ата-анамның тәрбиесі, әрине. Бала кішкентайынан көргенін, естігенін жасайды ғой. Мен әкемнен өнеге алып өстім. Ол қолындағы бір үзім нанын бөліп беретін, өзі жемесе де, жұртқа көмектесетін», - деді кәсіпкер.
Әсемдік салонының басшысы бұл салаға бала кезінен армандап келгенін айтты. Оның айтуынша, ол кішкентайынан анасымен салонға барып, сонда әдемі, күтінген қыздарды көріп, шабыттанған.
«Негізгі мамандығым басқа, бірақ осы салада дамуды таңдадым. Адамның келбетін өзгерту - менің қолымнан келетін іс. Әйелдің бәрі әдемі, олар бақытты болуға лайық. Бірақ жағдайы төмен, салонға мүлде кіріп көрмегендер де бар. Ал мен әйелдердің өмірін түбегейлі өзгерте алмаймын ғой. Сондықтан маған олардың бір күнін өзгертіп, бақытты қылу идеясы келді. Әрине, мастерлер де күнделікті нанын табу керек. Сондықтан мен жұмысшыларыма барлық процедура үшін өз қалтамнан төлеймін. Сырт келбетін тек макияж жасап өзгертпейміз, маникюр, педикюр, массажын да жасаймыз. Сосын шай, кофе ұсынамыз», - деді Жәмилә Серікқызы.
Кәсіпкердің айтуынша, көше сыпырушысына шамамен 300 мың теңге кеткен. Кәсіпкер бұл идеясын жүзеге асырмас бұрын Instagram-парақшасы арқылы жазба жариялаған. Кейін әлеуметтік желі арқылы көмекке зәру адамды табу жарамсыз екенін түсініп, базар аралап іздеген.
«Тегін нәрсені бәрі жақсы көреді ғой. Алғашында Instagram-парақшамда осындай идеямның бар екенін айтып жарияладым. Көп адам жаза бастады. Олардың парақшаларына кіріп қарасам, жағдайлары жақсы сияқты көрінеді. Бірде Instagram арқылы бір әйел жағдайым жоқ деп жазды. Біз қолдан келгенді жасап, әйелді сұлу еттік. Бірақ ол жақында тісін емдеткені көрініп тұр, жаңа тіс салып алған. Ал ондай ем кез келген адамның қолынан келе бермейді. Сондықтан бұлай болмас деп, көше аралап жүріп, жағдайы төмен адамға өзіміз ұсыныс жасаймыз деп шештік. Сөйтіп, көше сыпырушы апайға өзім жолығып, ойымдағыны айттым. Ол қуана келісті», - деді Жәмилә Серікқызы.
Жәмилә Серікқызы әйелдерге тек макияж бен маникюр емес, сондай-ақ, киім алып, кешкі асқа да апарады. Оған қоса, оқырмандарымен ақша жинап, кейіпкеріне ұсынады. Ол көмектесетін әйелге толық бір күнін арнайды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Темирзакова Жамилия (@jemelle_beauty)

«Кейін неге мен спонсор іздемеймін деп ойландым. Тек бір күндік әдемілікті емес, әйелге шабыт сыйлауға тырысамын. Әдетте, әйелдер кешкі аста сырын айтып, маған ақтарылады. Негізі, көпбалалы аналарға, ажырасып кеткен, өмірден түңілген, қиналып жүрген әйелдерге көмектесуге тырысамын. Оларға мотивация бергім келеді. Ақтөбедегі бірнеше спонсормен сөйлестім. Бір бутик киім беретін болды, ал гүл сататын орталық гүлмен қамтамасыз ететін болды. Осылай әйелдің бір күнін есте қаларлықтай өткізуге тырысамын», - деді салон басшысы.
Кейіпкердің айтуынша, әйелдің сырт келбетін өзгерткенннен кейін тіпті күйеулері танымай қалып жатады.
«Бір қызық жағдай болды. Есімде, бір әйелдің сырт келбетін тегін өзгерткенбіз. Ол күйеуі келген соң, күйеуіммен таныстырайын деп болмады. Сыртқа шықтық. Күйеуі әйелін танымай ұзақ тұрды. «Мынау менің әйелім бе?» деп қайта-қайта сұрайды», - деп күліп алды. «Күйеуіммен 10 жыл бұрын ажырасып кеттік. Қазір бір қызымды тәрбиелеп отырмын. Құдайдан әрқашан жақсы жолдас жолықса екен деп тілейтінмін. Бірақ туған әпкем бір дертке шалдықты. Оның емін әлі таппай жүрміз. Енді осы сауаптың бәрін әпкеме жазыңызшы деп Құдайдан жалынып тілеймін. Бауыр болғасын, жүрегіме осы жағдай қатты тиеді», - деді Жәмилә Серікқызы.
   

Серіктес жаңалықтары