51103
Мұғалім болу үшін ақша берген тұрғын 800 мың теңгесінен айырылды
Мұғалім болу үшін ақша берген тұрғын 800 мың теңгесінен айырылды

Шымкент қаласының тұрғыны жұмыс іздеймін деп алаяқтың арбауына түскен деп хабарлады turkystan.kz otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
21 қарашада Абай АПБ-ның «102» арнасына Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында бейтаныс азаматша «мектепке мұғалімдікке жұмысқа тұрғызып беремін» деп сеніміне кіріп, алдын ала 800 000 теңге ақша алып, екі ай бойы алдап келгенін көрсеткен.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Полиция тергеу барысында Шымкент қаласының 43 жастағы тұрғынын ұстады. Тергеу жүргізіліп жатыр.