Алматы денсаулық сақтау саласында қандай кемшілік бар?

Алматы денсаулық сақтау саласында қандай кемшілік бар?

Алматы денсаулық сақтау саласында қандай кемшілік бар?
ашық дереккөзі
50469
Бүгін «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалында партияның қоғамдық бақылау кеңесінің жиналысы өтті. Онда Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекемелердегі жемқорлық және өзге де мәселелер туралы талқылау болды. Жиналысқа Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ерболат Қасымов, «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мейіржан Отыншиев және партия жанындағы қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Жиналыста «АMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалында партияның қоғамдық бақылау кеңесі жұмыс тобының мүшесі Гүлмира Әбдікаримова баяндама жасады. Өз баяндамасында ол Алматы қаласы денсаулық мекемелерінде кетіп жатқан кемшіліктерді нақты дәлелдермен сынап, көптеген фактілерді алға тартты. Өз сөзінде ол көптеген дәрігерлік орындардың бос тұрғанын, денсаулық сақтау мекемелерінің сайттарында қазақша ақпараттар жоқтығын, сондай-ақ, қажетті мәліметтердің аздығын айта келіп, іссапарларға, өзге де мәселелерге жұмсалған артық қаражаттар туралы мәлімдеді. Сондай-ақ Алматы қаласындағы мемлекеттік мекемелерге тендер арқылы бөлінген қаражаттарың тез игеріліп, керісінше, сондай қаражат алған жекеменшік мекемелердің әлі күнге ол қаражаттарды игермегендігіне тоқтады. Бұдан кейін сөз алған Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бастығы Иран Шаметеков баяндама жасап, кетіп жатқан кемшіліктердің себебі мен салдарына тоқталды. Алматы денсаулық саласына басшы болып келгеніне төрт-ақ ай болған Иран Маратұлы өзі келгелі бері атқарылған жұмыстар жайында айтып, орын алып жатқан кемшіліктердің себептері жайында пікір білдірді. Соңынан кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.  

А.ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары