50296
«Таза Өскемен» кәсіпорын жұмысшыларының жалақысы өседі - Жақсылық Омар
«Таза Өскемен» кәсіпорын жұмысшыларының жалақысы өседі - Жақсылық Омар

Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Instagram-дағы парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Таза Өскемен» кәсіпорынның қала көшелері мен жолдарды күтіп ұстауға тікелей қатысатын барлық қызметкерлердің еңбекақысы өсетінін хабарлаймын», - деп жазды қала әкімі.
Оның айтуынша, өсiм қазіргі жалақының 30 пайызына дейінгі мөлшерді құрайды.
«Мекеме қызметкерлері төтенше жағдайда да, қалың қар, сақылдаған аязда да қаланың қалыпты тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудегі өздеріне артылған міндетті толық орындап жатыр. @tazaoskemen кәсіпорын ұжымына алғысымды білдіремін», - деп түйіндеді ол.