Серік Жұманғарин McDonald's желісінің жабылуына қатысты пікір білдірді

Серік Жұманғарин McDonald's желісінің жабылуына қатысты пікір білдірді

Серік Жұманғарин McDonald's желісінің жабылуына қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
Бүгін Үкімет отырысынан кейін Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин журналистердің McDonald's желісінің жабылуына қатысты сұрақтарына жауап берді деп хабарлады turkystan.kz.
«Барлық ақпаратты айта алмаймын, себебі бас кеңсемен келісілген жоқ. Өнімнің 1000-ға жуық түрі сырттан импортталған. Әрине, елімізде де өндірілген тауарлар қолданылған. Мәселен, нан өнімі. Сондықтан қайта құрылымдау процесі жүріп жатыр. Әзірге біз басшылығынан Сауда министрлігінен қандай көмек қажет екенін сұрадық. Техникалық реттеу комитетіне осы бағытта жұмыс жүргізуді тапсырдым», – деді министр.
Сондай-ақ ол желінің жабылуы Қайрат Боранбаевқа ешқандай қатысы жоқ екенін атап өтті.
«Ол - акционер, оның айтарлықтай ықпалы жоқ», – деді Жұманғарин.
Еске салсақ, Қазақстандағы McDonald’s (Food Solutions KZ ЖШС) жергілікті жеткізілімдегі шектеулерге байланысты 18 қарашадан бастап жұмысын уақытша тоқтатқанын хабарлаған едік.