McDonald's Қазақстандағы жұмысын уақытша тоқтатады

McDonald's Қазақстандағы жұмысын уақытша тоқтатады

McDonald's Қазақстандағы жұмысын уақытша тоқтатады
ашық дереккөзі

Қазақстандағы McDonald's (Food Solutions KZ ЖШС) жергілікті жеткізілімдегі шектеулерге байланысты 18 қарашадан бастап жұмысын уақытша тоқтатады деп хабарлады turkystan.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Компания жұмысты тезірек қалпына келтіру үшін бар күшін салып жатыр. Мейрамханалардың ашылу мерзiмi туралы кейінірек хабарланады», - делінген хабарламада.
Food Solutions KZ ЖШС компаниясы Қазақстанда 6 жылдан астам уақыт жұмыс істейді және жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар индустриясы көшбасшыларының бірі саналады. Қазақстанның келесі қалаларында: Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды компанияның 24 мейрамханасы бар және олардың ішінде 2000-ға жуық адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Кейінгі алты жылда компания қайырымдылыққа 80 миллион теңгеден аса қаражат аударды.