50230
Алматыда үш жұмысшы ер адамды өлгенше сабаған
Алматыда үш жұмысшы ер адамды өлгенше сабаған
Алматыда ер адамды айуандықпен өлтіру оқиғасы тіркелді деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Марқұмның туыстарының айтуынша, бұл оқиға 26 қарашаға қараған түні болған. Кісі өлтіру туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды.
«Сағат 00:00-00:08 шамасында 1974 жылы туған С.В.-ны айуандықпен өлтірген. Досын шығарып салуға шыққан В. үйіне қайта оралмаған. Ол үйінің жалғыз асыраушысы. Ал күдіктілер жақын маңда жұмыс істейтін жұмысшылар. Оларды бірнеше мәрте мас күйінде көрген адамдар бар. Олар В.-ны қатты соққыға жыққан. Бірақ үш қылмыскер де бостандықта жүр» деп жазды марқұмның туыстары.Алматы Полиция департаменті тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
«Бұл қылмысқа қатысты күдіктілерге тергеу жүріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, мас күйінде болған ер адамдар арасында жанжал шығып, кейін төбелескен. Қылмыстың өзге де мән-жайлары соталды тергеу барысында анықталады. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша Жетісу ауданында тіркелді», - делінген хабарламада.