50398
Екібастұз тұрғындарына «AMANAT» партиясы тарапынан гуманитарлық көмек көрсетіледі – Қошанов
Екібастұз тұрғындарына «AMANAT» партиясы тарапынан гуманитарлық көмек көрсетіледі – Қошанов
Екібастұздағы төтенше жағдайға күллі қазақстандықтар алаңдап отыр. Бұл туралы «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Facebook-тағы парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазір Екібастұздағы мәселемен тиісті мемлекеттік органдар айналысып жатыр. Қаладағы ахуал Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Мәжіліс депутаттары да елмен бірге! Халыққа шұғыл көмек көрсету мақсатымен кеше «AMANAT» фракциясының депутаттары Екібастұз қаласына жолға шықты. Кешке дейін зардап шеккен тұрғындарға партия тарапынан гуманитарлық көмек көрсетіледі. Әсіресе, жылы киімдер, көрпе-жастық және қазіргі уақытта ең қажетті жылытқыш құралдармен қамтамасыз етеді» деп жазды Ерлан Қошанов.